Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Наурыз, 2025

Колледждерде «ТОП — 100 студенті» республикалық байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық «ТОП — 100 студент» конкурсының басталғаны туралы хабарлайды.

Мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің талантты және перспективалы студенттерін анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстан экономикасының түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандардың кадрлық резервін жасақтау.

Байқау үш кезеңмен өткізіледі:

• іріктеу кезеңі — колледж ішінде өтеді;

• өңірлік кезең — әр колледжден бес студент қатысады;

• республикалық кезең —шешуші кезеңде әр аймақтан 10 үздік студент сайысқа түседі.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын сарапшылар: білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес, басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ қызмет көрсету  бағыттары бойынша бағалайды

Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  ниет білдірген барлық студенттері қатыса алады.

Ұйымдастырушы — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ

245 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз