Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Наурыз, 2025

Алматыда баға тұрақтығы: 17 делдал шеттетілді

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда. «Форвардтық сатып алу» және «айналым қарызы» аясында отандық өндірушілермен тауық еті, сүт, жұмыртқа, күріш, қант және тұзды белгіленген бағамен жеткізу бойынша келісімдер жасалды.
Маусымдық ауытқуларды төмендету үшін бірнеше өңірдің фермерлерімен 9,7 мың тонна көкөніс жеткізуге келісімдер жасалды. Сонымен қатар, оңтүстік өңірлерден ерте пісетін көкөністерді қосымша жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.
Magnum сауда желісімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 11 түріне баға бекітілді. Сондай-ақ, базарлардағы бағаға бақылау жүргізілуде: 15%-дық сауда үстемесі бұзған 119 дерек анықталып, 17 делдал нарықтан шығарылды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.

281 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз