Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Наурыз, 2025

Өзге адамның ЭЦҚ кілтін заңсыз пайдаланғандарға айыппұл салынады

Өзгенің ЭЦҚ кілтін заңсыз пайдаланғандарға айыппұл салынады

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану ережелері күшейтілді. 13 наурыздан бастап басқа адамның ЭЦҚ кілтін заңсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Айыппұл мөлшері:

- Жеке тұлғаларға – 50 АЕК (196 600 теңге)
- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (393 200 теңге)
- Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК (589 800 теңге)

Бұрын жауапкершілік тек ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға заңсыз беру және оны қорғау шараларын сақтамаған жағдайда ғана қарастырылса, енді жаңа талаптар бойынша ЭЦҚ-ны рұқсатсыз пайдаланған адамдар да жауапқа тартылады.

Бұл шаралар цифрлық қауіпсіздікті нығайтып, азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтуге бағытталған.

824 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз