- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 17 Наурыз, 2025
Almaty Clean & Green «Тазару күні» аясында өтеді

23 наурызда Наурыз мерекесі аясында өтетін Almaty Clean & Green атты жалпықалалық экоакцияда мыңдаған қала тұрғыны аулаларды, көшелер мен саябақтарды тазартуға шығады.
17-24 наурыз аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалықтың үшінші аптасы өтеді.
ПИК күшімен 9 мыңнан астам тұрғын үйдің аумағында жалпы тазалық жұмыстары жоспарланған.
Сонымен қатар, 1 454 қоқыс контейнер алаңы тазартылып, қураған бұтақтар кесіледі, орындықтар боялып, қоқыс жәшіктері орнатылады.
«Қоршауыңды/орындығыңды боя» акциясы аясында тұрғындар аула нысандарын жаңарту үшін бояу ала алады. Еріктілер жалғызбасты зейнеткерлерге үйін тазалауға көмектеседі.
19 наурызда пластикті қайта өңдеу және шеберлік дәрістерін қамтитын «Жасыл Наурыз» экофестивалі өтеді, ал 23 наурызда «Таза Алматы – Наурызға сый» атты жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылады.
Фото: gov.kz

227 рет
көрсетілді0
пікір