Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 18 Наурыз, 2025

Еліміздің креативті секторларында 143,6 мың адам жұмыс істейді

Үкімет отырысында ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева республикадағы креативті индустрияны дамыту жөніндегі жұмыс туралы баяндады.

Ол 2021 жылдан бастап Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында ел экономикасында осы сектордың үлесін арттырудың маңызын бірнеше рет атап өткеніне тоқталды.

Республикада арнайы жобалық кеңсе жұмыс істейді, саланы дамыту тұжырымдамасы қабылданды, оны институционалдық тұрғыда қалыптастыру және осы саладағы бизнесті ынталандыру бойынша жұмыс жүргізілді.

«Бүгінгі таңда Қазақстандағы креативті индустрия 12 бағыт бойынша дамып, 43 экономикалық қызмет жіктеуіші түрін қамтиды. Қазақстанда креативті индустриямен айналысатын тіркелген субъектілерінің саны 45,5 мыңнан асады, еліміздің ЖІӨ-дегі жалпы қосылған құнның үлесі 1%-ды құрайды. Барлық субъектілердің 50%-дан астамы Алматы мен Астанада шоғырланған, олардың 70%-ы жеке кәсіпкерлер»,

— деді Аида Балаева.

Еліміздің креативті секторларында барлығы 143,6 мың адам жұмыспен қамтылғаны атап өтілді. Олардың ішінде IT, сәулет және сән өнері, мәдени-демалыс мекемелері, кітапханалар мен музейлер, сондай-ақ халықтың қолөнері еңбекті көп қажет ететін салалар болып саналады.

215 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз