- Инфографика
- 18 Наурыз, 2025
Биыл қаңтар-ақпан айларында еліміздегі өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,9% құрады

2025 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,9% құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,1%, өңдеу өнеркәсібінде – 8,9% байқалады.Өңірлер арасында едәуір өсу Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында белгіленді.
2025 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өнімдері 9112 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 4290 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 47,1%), өңдеуде – 4061,4 млрд. теңгеге (44,6%).
Қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің индекстері
пайызбен
|
2025 жылғы қаңтар 2024 жылғы қаңтарға |
2025 жылғы ақпан |
2025 жылғы қаңтар-ақпан 2024 жылғы қаңтар-ақпанға |
|
2025 жылғы қаңтарға |
2024 жылғы ақпанға |
|||
Өнеркәсіп |
102,3 |
110,5 |
109,4 |
105,9 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
101,3 |
104,0 |
106,9 |
104,1 |
Өңдеу өнеркәсібі |
103,7 |
118,9 |
114,1 |
108,9 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау |
99,3 |
98,6 |
94,5 |
96,9 |
Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет |
94,4 |
99,9 |
92,1 |
93,2 |
Көмір (114%), шикі мұнай (103,7%), металл кендерін (103,5%), өзге де пайдалы қазбаларды (112,8%) шығарудың артуына байланысты 2025 жылғы қаңтар-ақпанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 104,1% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 2025 жылғы есепті кезеңде 2024 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда ӨӨИ 108,9%-ды құрады. Өсу тамақ өнімдері өндірісінде – 13,1%, сусындар – 11,4%, темекі өнімдері – 26,9%, кокс және мұнай өңдеу өнімдері – 7,2%, химия өнеркәсібі– 9%, резеңке және пластмасса бұйымдар – 6,8%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру – 21,6%, металл құюдан басқа қара металлургия – 9%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 20,1%, машина жасауда – 18,2% белгіленді.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Абай, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында белгіленді.

3561 рет
көрсетілді0
пікір