- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 18 Наурыз, 2025
Алматы облысында теміржол бойында адам мәйіті табылды
Алматы облысының "Шамалған-Ақсеңгір" станциялары аралығында адам мәйіті табылды. Көліктегі полиция департаменті бұл фактіні растады.
"Аталған факті бойынша Алматы станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады департаменттен.
328 рет
көрсетілді0
пікір






