- Безбен
- 18 Наурыз, 2025
Ұлттық даму институттары ел экономикасына инвестицияларды арттыруды жалғастыруда

Ұлттық даму институттары Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды арттыруды жалғастыруда.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың Қасым-Жомарт Тоқаевтың алты жылдық төрағалығының қорытындысына арналған «Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында» атты мақаласында айтылды. Онда мемлекеттік сатып алулар бойынша тек қана қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі бірнеше есе кеңейтілгені айтылады.
"Отандық тауар өндірушілерді қолдау – Мемлекет басшысы басымдық берген негізгі бағыттың бірі. Мемлекеттік сатып алуда машина жасау, металлургия, құрылыс, жеңіл және химия өнеркәсібі, сондай-ақ азық-түлік тауарлары бойынша тек қана қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі едәуір кеңейтілді", - делінген мақалада.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы ұлттық даму институттары Қазақстан экономикасына салынатын инвестиция көлемін ұлғайта түскеніне ерекше тоқталды. Тек 2025 жылдың өзінде «Бәйтерек» холдингі арқылы 8 триллионтеңге инвестиция салынады, ал 2027 жылға қарай Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл сома 10 триллион теңгеге дейін ұлғайтылған.

365 рет
көрсетілді0
пікір