- Айна
- 20 Наурыз, 2025
Алматыда екі жаңа емхана мен отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынады

Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында үш жаңа медициналық мекеме салынатынын хабарлады:
• Құрамыс және Шұғыла шағын аудандарында 500 адам қабылдайтын екі емхана.
• Ақжар шағын ауданында 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория (ОДА).
Бұл нысандар 2026 жылы пайдалануға берілгеннен кейін №26 және №27 емханаларға түсетін жүктеме азаяды. Жаңа медициналық орталықтар жақын маңдағы шағын аудандарда тұратын 60 мың адамға қызмет көрсетеді.
Емханалар МРТ, КТ, УДЗ, рентген, флюорограф, маммограф сынды заманауи диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта ауданда 218 мың тұрғын бар, оның 186 мыңы аудандық медициналық мекемелерге тіркелген.

450 рет
көрсетілді0
пікір