- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 20 Наурыз, 2025
Қазақстан мектептерінде тағы 195 стоматологиялық кабинет ашылады

Соңғы жылдары елімізде тіс жегі мен тіс жұлудың асқынған түрлерінің көбейгені байқалады. Осыған орай, Денсаулық сақтау министрлігі 2024-2028 жылдарға арналған «Болашаққа – сау тіспен» жол картасын бекіткен болатын.
Бүгінде республика бойынша 145 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді. Ал 2025 жылы олардың санын 195-ке арттыру жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында мектеп жасындағы балаларға стоматологиялық аурулардың алдын алу шаралары күшейтілмек.
Фото: ашық дереккөзі

230 рет
көрсетілді0
пікір