- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 20 Наурыз, 2025
Банкроттыққа ең көп өтініш берген қай өңір?

ҚР ҚМ МКК төрағаның орынбасары Сеилжан Ахметовтің айтуынша, Алматы облысында ең көп өтініш берілген – 23 640 (бұл Республика бойынша барлық өтініштердің 11,8% құрайды), ең азы – Ұлытау облысында – 1 924 (1%).
«Банкроттардың орташа жасы – 44 жас. Ең жасы үлкен банкрот – 1943 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны, берешек сомасы 370 мың теңге. Ең жас банкрот – 2005 жылы туған Астана қаласының тұрғыны, берешек сомасы 856 мың теңге. Берешегі ең көп банкрот Астана қаласының тұрғыны болып табылады. Қарыз сомасы 2,1 млрд теңгені құрайды. Барлық банкроттардың ішінде 1 мыңнан астам азамат (5%) – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, ал 9 891 адамның (немесе 44%) 5 жылдан астам уақыт бойы төленбеген қарыздары болды», - деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында мысал келтіре отырып.
Фото: ortcom_kz

212 рет
көрсетілді0
пікір