- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 22 Наурыз, 2025
Ақтауда ұлттық киім киген 5 мың адам Гиннес рекордын орнатты

Ұлыстың ұлы күні Ақтау қаласында ұлттық киім киген 5 мыңнан астам тұрғын жағалауда жиналып, Гиннесс рекордын орнатты. Каспий жағалауында қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге танытатын «Kazakh Record» фестивалі өтті.
«Рекорд орнату рәсімі Каспий жағалауында өтті. Тіркеуден өткен қатысушылар арнайы жасақталған алаңға жиналып, Ұлыбританиядан келген Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілдері есеп жүргізді. Бірнеше сағатқа созылған санау нәтижесінде қойылған талап толық орындалғаны расталып, Қазақстанның жаңа әлемдік рекорд орнатқанын дәлелдейтін арнайы сертификат табысталды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

818 рет
көрсетілді0
пікір