Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Наурыз, 2025

Президент Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы өзінің Telegram арнасында Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы жеделхатта оның Қазақстан өнеркәсібін дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті», - делінген Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, бүгін Eurasian Resources Group (ERG) және Еуразия банкінің акционері, директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич 72 жасына қараған шағында қайтыс болды. 

792 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз