- Айна
- 23 Наурыз, 2025
Алматыда 1 мың зейнеткер жұмыспен қамтылады

Алматыда 1 мың зейнеткер жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Жыл басынан бері зейнеткерлерге арналған 500 бос жұмыс орны жарияланған. Соның алғашқы 100 адамы жолдама алып, жаңа жұмысқа орналасыпты. Қалалық еңбек мобильділігі орталығының айтуынша, зейнеткерлерге арналған 1000 бос жұмыс орнының тізімі жасалған. Ол сұранысқа қарай жарияланып тұрады.
Зейнеткерлердің ең төменгі айлығы 170 мың теңге.

493 рет
көрсетілді0
пікір