- Безбен
- 24 Наурыз, 2025
ТЖМ құтқарушылары өрттен 60 адамды құтқарды

Бүгін Астананың Есіл ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 2 қабат пен 4 қабаттын аралығында электр сымдарының тұйықталуы орын алып, өрттің шығуына себеп болды.
ТЖМ күшімен түтінді аймақтан автосатымен және үш иінді сатының көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, баспалдақ маршымен 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді, шығу себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

374 рет
көрсетілді0
пікір