- Аймақ тынысы
- 25 Наурыз, 2025
Шұбарқұдық кентінде қар суын бұру арнасы нәтиже берді

2024-2025 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру шеңберінде Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің Задепо аумағында еріген қар суын бұру арналары салынды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жобаның бас мердігері – «Stro Proekt» ЖШС. Құны - 315 млн теңге.
«Шұбарқұдық кентіндегі былтырғы жылғы салынған Задепо аумағындағы су бұру арнасының құрылысы 2024 жылдың желтоқсан айында толық аяқталды. Ұзындығы 4 шақырымды құрайды. Енді су бұрынғыдай ауыл ішімен өтпей, арнайы салынған су бұру арналары арқылы айналып өтіп, өзен арналарына құйылуда. Бұл шешім ауыл тұрғындары үшін қауіпсіздікті арттырып, су тасқыны қауіпін азайтты»,
- дейді мердігер компания басшысы Жолдыбай Кеміров.
@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

1624 рет
көрсетілді0
пікір