Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 25 Наурыз, 2025

Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

Бүгін Минскідегі Тәуелсіздік сарайында ұлықтау рәсімі өткізілді. Салтанат залында өткен шарада Александр Лукашенко ант берді.  

"Беларусь Республикасының президенті қызметіне кірісе отырып, халқыма адал қызмет етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге және қорғауға, Беларусь Республикасының конституциясын сақтауға және қорғауға, өзіме жүктелген жоғары міндеттерді қасиетті және адал орындауға салтанатты түрде ант етемін", - деді ол.

Еске салсақ, 26 қаңтардағы сайлауда Александр Лукашенко 86,8 пайыз дауыс жинаған болатын.

Фото: БЕЛТА

2085 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз