- Құмсағат
- 25 Наурыз, 2025
Президент теннисші Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атағымен құттықтады

Президент теннисші Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атағымен құттықтады.
- Үстел теннисі бойынша Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы атағына ие болуыңызбен құттықтаймын! Ұлттық құраманың көшбасшысы бола отырып, осы олимпиадалық спорт түрінің елімізде және шетелде дамуы мен танылуына елеулі үлес қостыңыз. Ең жоғары деңгейдегі жарыстарда жаңа жеңістер тілеймін! - делінген құттықтау хатта.
Ал, теннисші Кирилл Герасименко болса, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:
«Бүгін мені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетіп, абсолютті чемпион атанғаным үшін құттықтады. Бұл – зор құрметтің белгісі. Сондай-ақ осыған дейін жанымнан табылып, қолдау бірдірген барлық жанға алғыс білдіремін», - деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы абсолютті чемпионы атанды.

1596 рет
көрсетілді0
пікір