Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Наурыз, 2025

Ұлытау облысында жаңа ҚТҚ полигоны мен қалдықтарды қайта өңдеу цехы салынады

Ұлытау облысында қағаз, пластик және резеңке өңдеу цехын және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Дастан Рысбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, жалпы құны 840 млн теңгені құрайтын жобаны жеке инвестор жүзеге асыруға ниетті. Ол өз қаражатынан 134 млн теңге бөледі және Өнеркәсіпті дамыту қоры мақұлдаған лизингтік қаржыландыру шеңберінде 705 млн теңге тартады.

Қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін облыс басшылығы ауданы 16 га жер телімін  бөлді. Сондай-ақ суды пайдалануға және электрмен жабдықтауға арналған техникалық шарттар берілді.

Жаңа кешен жылына 50 мың тоннаға дейін қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарата алады деп күтілуде. Бұл өңірдегі экологиялық жағдайды едәуір жақсартады.

902 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз