Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Наурыз, 2025

Түркиядағы бүліктен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Мәжіліс кулуарларында Түркиядағы Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі туралы айтып өтті.

"Ең бастысы, зардап шеккендер жоқ, бұл СІМ-нің, Бас консулдықтың және Анкарадағы елшілігіміздің белсенді жұмысының нәтижесі. Сондай-ақ, бізде Ыстамбұлда, Измирде және Анталияда бас консулдықтар бар. Біз қақтығыстар басталғаннан бері қызу жұмыс жүргіздік: біз өз азаматтарымызға – негізінен студенттер мен туристерге наразылықтар өтетін жерлерде жүрмеу керектігін айттық",- деп қосты ол.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі азаматтарға сақтық шараларын сақтауды ұсынады.

1030 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз