Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Наурыз, 2025

Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрылды

ТЖМ командалық орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды. Вице-министр Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі және аумақтық бөлімшелермен бейнеконференцбайланыс өткізілді.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді.
ТЖМ жағдайды мониторингілеуде.

Ведомствоның мәлімдеуінше, әзірге жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда іске кірісуге дайын. Өңірде орналасқан 5 химиялық нысанға қауіп төнбеген. 

Еске сала кетсек, Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі  28 наурызда Астана уақытымен 3:42-де жер сілкінісін тіркеген еді.
Зілзала дүмпуі  Жамбыл облысының Меркі ауданында 5 балл деңгейінде, Құлан ауылында 4 балл, Тараз және Шу қаласы, Қордай,
Мойынқұм ауылдарында 2 балдық деңгейде сезілді.

676 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз