Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 31 Наурыз, 2025

«Арлан» хоккейден Қазақстан чемпионаты финалына шықты

Көкшетаулық «Арлан» плей-офф сатысындағы ½ финалда қарағандылық «Шахтерді» 7:1 есебімен тізе бүктірді. Осылайша олар төртінші мәрте жеңіске жетіп, финалға шықты.

«Арлан» Қазақстан чемпионаты тұрақты кезеңінде жеңімпаз атанған еді. Владимир Маркеловтің шәкірттері 36 ойыннан кейін 59 ұпай жинады. 

Сондай-ақ көкшетаулық команда өткен маусымда Қазақстан чемпионаты плей-офф сатысында жеңіс тұғырына көтерілген еді. Олар финалда елордалық «Номад» клубынан жалпы серияда 4:1 есебімен басым түсті.

Биыл тағы бір жартылай финалда «Торпедо» (Өскемен) мен «Хумо» (Өзбекстан) командалары кездесіп жатыр. Әзірге жалпы серияда 3:3 есебі тіркелген. Жеңімпаз 3 сәуір күні анықталады.

 

1323 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз