Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 01 Сәуір, 2025

Қызылордада қылмыстық топқа қатысты үкім шығарылды

Қызылорда қаласының №2 соты 2023 жылдың желтоқсанында күш қолдану арқылы өз көлігінде облыс орталығының тұрғынын қала сыртына алып шығып, оған өлтіру қатерін төндірумен 1 миллион теңге талап еткен қылмыстық топтың 4 мүшесіне қатысты Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлімінің 1) және 2) тармақтарымен айыптау үкімін шығарды. Бұл туралы Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық топтың барлық мүшелері мен орналасқан жерлері анықталып, оларды ұстау шаралары қабылданды.

Барлық ұсталған тұлғалар бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Ұстау кезінде қылмыстық топтың бір мүшесінен атыс қаруы мен оған оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.

Сотпен 3 айыпталушыға 6 жылға бас бостандығынан айыру, ал қылмыстық топтың бір мүшесіне шынайы мойындауына байланысты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

844 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз