Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 07 Сәуір, 2025

Парламент депутаттары әскери парадқа дайындық барысымен танысты

Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысушылардың дайындық барысымен танысу үшін Астана қаласында орналасқан далалық лагерьге барды.

- Биыл біз Жеңістің 80 жылдығын бүкіл елімізбен бірге атап өтеміз. Бұл тарихи оқиға болғандықтан, парадқа дайындықты өз көзімізбен көру үшін келдік. Далалық лагерьде жаңа типтегі шатырлар орнатылып, әскери техника парадқа дайын. Ең бастысы, біз сарбаздар үшін барлық жағдайлар жасалғанына көз жеткіздік. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, тек ауа райы қолайлы болса екен, – деп атап өтті депутат Айдос Сарым.

260 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз