- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 09 Сәуір, 2025
Президент белгілі журналист Лев Тараковтың жақын-жуықтарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы белгілі журналист Лев Тараковтың жақын-жуықтарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қоғам қайраткері, «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараковтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
– Шығармашылық династияның талантты өкілі Лев Юрьевич отандық журналистиканың дамуына, жас мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Ол әріптестері арасында зор абырой мен құрметке бөленіп, кәсібилік пен өз ісіне адалдықтың үлгісін танытты, – делінген жеделхатта.
474 рет
көрсетілді0
пікір






