Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 10 Сәуір, 2025

Талдықорғанда полицей қарияны өрттен аман алып қалды

9 сәуірде қызмет бабында жүрген полиция капитаны Бақытжан Ашимов тұрғын үйлердің бірінің алдында жиналып қалған адамдарды байқайды. Не болғанын сұрағанда, куәгерлер бесінші қабаттағы пәтерден түтін шығып жатқанын айтқан.

Полиция қызметкері уақыт жоғалтпай жоғары көтеріліп, түтін шығып жатқан пәтердің есігін қағып, іште ұйықтап жатқан қарт кісіні оятты. Пәтерге кірген сәтте Бақытжан өрттің алдын алуға шұғыл кірісіп, қауіпсіздік шараларын қабылдады. Полицей өрттің толық сөндірілгеніне, зейнеткердің өміріне қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізді.

863 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз