Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Сәуір, 2025

SkytraxWorld Airport Awards 2025: Астана және Алматы әуежайлары үздік деп танылды

Астана мен Алматы әуежайлары SkytraxWorld Airport Awards 2025 аясында Орталық Азия мен ТМД елдерінде үздік деп танылды, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
Астана мен Алматы әуежайлары кезекті рет мәртебелі марапатқа ие болды.
Алматы халықаралық әуежайы Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі ең үздік аймақтық әуежай атанды. Оның 2 терминалы әлемдегі ең үздік жаңа терминал деп танылды.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы «Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі ең үздік әуежай персоналы» санатында Skytrax World Airport Awards 2025 сыйлығымен марапатталды.
Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Орталық Азияның жетекші әуе хабы атағын жеңіп, бірнеше рет өңірлік рейтингтерде көшбасшы болды.
Skytrax World Airport Awards — авиация саласындағы халықаралық сапаның эталоны саналады. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген жолаушылардың тәуелсіз сауалнамаларына негізделген.
Жеңімпаздарды жолаушыларға қолайлы, қызмет көрсету сапасы, инфрақұрылым деңгейі және инновацияларды енгізу сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша таңдайды.

Фото: Википедия

759 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз