- Безбен
- 11 Сәуір, 2025
Мәжіліс нысаналы капитал қорлары туралы заң жобасын қарайды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Бірінші оқылымда депутаттарға «Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы» заң жобасын талқылау ұсынылады. Эндаумент-қорларды басқару үшін инвестициялық табыс пен меценаттық қызмет нысандарын қаржыландыруды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым ретінде мақсатты капитал қор құру ұсынылады.
Жалпы отырыста депутаттарға ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленген.
Сонымен қатар күн тәртібінде Қазақстан Республикасының «Аумақтық қорғаныс туралы» заң жобасы да бар. Бұл құжатпен аумақтық қорғаныстың құқықтық негіздері, оның мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың өкілеттіктері мен жауапкершілігі айқындалады. Заң жобасын депутаттар екінші оқылымда қарайтын болады.
Фото: t.me/mazhilis_kz
505 рет
көрсетілді0
пікір







