Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 12 Сәуір, 2025

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалдық ойындары өтеді

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалдық ойындары өтеді.

Жарыстың аталған сатысындағы ойында екі күнге белгіленген. Бүгін, 12 сәуірде төрт кездесу болса, 13 сәуірге қалған ойындар жоспарланған.

Алдымен 15:00-де «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Елімай» (Семей), 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды.

Одан кейін 17:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Каспий» (Ақтау),

19:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» жасыл алаңға шығады.

Ал 13 сәуірде 15:00-де «Хан тәңірі» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент), «Оқжетпес» (Көкшетау) мен «Астана», 17:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Ақтөбе», 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.

Ойындарды QazSport пен YouTube арналарынан көруге болады.

 

688 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз