Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 14 Сәуір, 2025

Мұз айдынындағы жеңіс: Алматы әкімі Михаил Шайдоровты құттықтады

Алматылық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Бостонда өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Қала әкімдігінде спортшыны Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов құттықтап, 2,5 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификат табыс етті.

Михаил Алматы мен Қазақстанды халықаралық аренада даңққа бөлеп, мақсаткерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.

«Сіз жүздеген жас спортшыға шабыт бердіңіз. Әсіресе, сіздің жаттықтырушыңыз Әсем Қасановаға кәсібилігі мен қазақстандық мәнерлеп сырғанауды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз», — деді Шаханов.

«Бұл менің ғана емес, көпшіліктің еңбегінің нәтижесі әрі бүкіл елдің жеңісі», - деп Михаил қолдау көрсеткені үшін қала әкімдігіне алғыс айтты.

738 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз