Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Сәуір, 2025

Ақтөбе облысында 300-ден астам азаматтың конституциялық құқықтары бұзылған

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысының прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 300-ден астам азаматтың конституциялық құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Заңнамаға сәйкес еңбек шарттары қызметкер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін, қызметкерді кемінде бір ай бұрын хабардар ете отырып, бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеумен бұзылады.

Облыс аудандарының білім бөлімдері ұжымдық шартта көрсетілген бір лауазымдық жалақы (тарифтік мөлшерлеме) мөлшерінде өтемақы төлемейтіні анықталды.

Мысалы, Шалқар ауданының білім бөлімі 116 қызметкерге жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлемеген.

Осындай бұзушылықтар Хромтау, Мәртөк, Алға, Әйтекеби және Мұғалжар аудандарында да анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 300-ден астам қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, жалпы сомасы 25 млн теңгеден астам өтемақы төленді.

Бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жұмысы жалғасуда.

541 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз