Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Сәуір, 2025

Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 9 мыңнан астам өтінімді өңдеді

? 

2025 жылғы 7-13 сәуір аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 9 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 1 742 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделді. Байланыс орталығының операторлары 6 577 қоңырауға жауап беріп, сондай-ақ WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы 1 468 өтінім қабылдады.
Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Жамбыл және Түркістан облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады:

- 1403 байланыс орталығы;
-
www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы;
- Telegram бот (
@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 775 001 1403)

110 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз