Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 15 Сәуір, 2025

Бектенов өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Олжас Бектенов өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар министрлігіне Экология министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мамыр айының соңына дейін табиғи өртке қарсы республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу тапсырылды;
Экология министрлігінің алдына әкімдіктермен бірге табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін одан әрі жарақтандыру жұмыстарын жалғастыру міндеті қойылды;
Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, өртті ерте анықтау және өршу жағдайын,  сондай-ақ оны сөндіру алгоритмдерін модельдеу жүйелерінің  қамту ауқымын ұлғайту;
Әкімдіктер елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыруы, өңірлерде авиацияны тарту үшін жанар-жағармай материалдарының қажетті қорын қамтамасыз етуі,  биыл 10 мамырға дейін  өрт сөндіру көліктері мен тікұшақтарға қажетті су көздерін дайындауы қажет;
 өрт қаупі жоғары кезеңде ішкі істер министрлігіне демалушылардың орманда болуына тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды;
Төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, мәдениет және ақпарат министрліктері, әкімдіктер – өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандырсын.

Фото: @KZgovernment

212 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз