Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Сәуір, 2025

Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығын атап өтті

Алматыдағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген отырыс өтті.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Президенттің тапсырмасы бойынша этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне, Мәжіліс депутаттарына және ҚХА ардагерлеріне ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін мерейтойлық медальдар табыстады.
Жиында сөз сөйлеген қала әкімі Ассамблея халықтық дипломатияның маңызды институтына айналып, бірліктің берік іргетасын қалағанын атады. Алматыда 30-дан астам этномәдени бірлестікке арналған жаңа, заманауи Достық үйін салу жоспарланып отыр.
Бүгінде қалалық ҚХА театрларды, БАҚ-тарды, білім беру мен экологиялық жобаларды, Ақсақалдар мен Аналар кеңесін қолдап келеді.
Кездесуге қатысушылар Алматының жастар бастамалары мен ұлтаралық сенім орталығы ретіндегі ерекше рөлін атап өтті.

514 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз