Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Сәуір, 2025

Алматыдағы «Барахолкада» 100-ден астам заңсыз сауда орны жабылды

Алматының Жетісу ауданында, Солтүстік айналма жол бойындағы базарлар маңында ауқымды рейдтер өтті — 100-ден астам заңсыз сауда орны жойылды.
Сертификатсыз өнімдер, көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері, киім-кешек пен тұрмыстық тауарлар тротуарларда, санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайда және ешқандай рұқсатсыз сатылған. Бұл жағдай жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, аялдамаларды басып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндірген.
Рейд барысында:
• Сауда және көріктендіру ережелерін бұзудың 42 дерегі анықталды
• Әкімшілік хаттамалар толтырылды
• 70 текше метрден астам қоқыс шығарылды
Тексеріс «Алатау», «Сәлем», «Байсат» және «Ялян» базарлары маңында жүргізілді.
15 сәуірден бастап Алматыда заңсыз сауданы жоюға бағытталған арнайы науқан басталды.
Рейдтер күнделікті жүргізіліп, барлық заңбұзушылық толық жойылғанға дейін жалғасады.

250 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз