Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Сәуір, 2025

Доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,09 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 523,20 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы - 521 теңге. Еуро 585 - 595 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы - 525 теңге, сатып алу құны - 519 теңге. Еуро 588 теңгеден сатып алынып, 595 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,26 - 6,40 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 17 сәуірге ұсынған ресми бағамы - бір долларға 521,67 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,32 теңге. Еуро - 592, 46.

 

174 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз