Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Сәуір, 2025

«Алматы жастары» бағдарламасының алматылық жастарға тигізер көмегі қандай?

«Алматы жастары» бағдарламасы жас мамандарға баспаналы болуға септігін тигізіп келеді. Жылдық 5% жеңілдетілген мөлшерлеме мен бар болғаны 10% бастапқы жарна — бұл бағдарлама көптеген алматылық үшін мүмкіндік көзіне айналды.

30 жастағы инженер-технолог Жадыра Қайсарбаева бұған дейін пәтер жалдап тұрған. Бағдарлама арқылы ипотека рәсімдеп, «Шұғыла Сити» тұрғын үй кешенінен бір бөлмелі пәтер алды.

«Бастапқы жарнаны жинауға мақсат пен тәртіп көмектесті. Маған бұл аудан ұнайды, жақын маңда метро бекеті ашылады деп жоспарланып отыр», — дейді Жадыра.

Бағдарлама іске қосылған 2017 жылдан бері 6 000-нан астам жас алматылық жеңілдетілген шартпен баспаналы болды.

«Алматы жастары» — бұл жас мамандарға сүйііті қаласында жарқвн болашақ жасауға берілген нақты мүмкіндік.

227 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз