Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Сәуір, 2025

Шерзат ісі бойынша сот отырысы 28 сәуір күні жалғасады

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы өтті.


Бүгінгі отырыста жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алынды. Судья Ержан Жанұзақов келесі сот отырысын 28 сәуір сағат 10:00-ге тағайындады. Одан кейін 29 сәуір, 5-6 мамыр сағат 10:00-де өтеді. Сот отырысының күндері мамыр айындағы демалыс күндеріне байланысты өзгерді.

Бұған дейін Қаржаубай Нұрымов кикілжің қалай басталғанын, сондай-ақ Шерзаттың қашан жан тапсырғанын айтты.

Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшембиева да қайғылы оқиға қалай болғанын еске алды.

Еске салайық, прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.

Айыпталушылардың көпшілігі кінәні мойындаған жоқ.

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қаза болғанын жазған едік.

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасының денесі табылды.

Биыл ақпан айында Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған.

 

261 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз