Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 23 Сәуір, 2025

«Әлеуметтік әмиян» арқылы газға жеңілдік: Қазақстанда халықты қолдау үшін цифрлық шешімдер енгізіледі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «Әлеуметтік әмиян» цифрлық құралы арқылы табиғи газға жеңілдіктер беру жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелерін таныстырды.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау маңызды міндет болып саналады. 2024 жылдың желтоқсанына дейін жеңілдіктер беру тетігі қолмен жасалды: әкімдіктер алушылардың тізімдерін тапсыратын, ал біздің компания оларды абоненттер базасымен салыстыратын. Алайда, бұл тәсілдің айтарлықтай кемшіліктері болды, соның ішінде жеңілдіктерді қолдануды автоматтандырудың болмауы, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТК) алатын тұтынушыларды толық қамтымау, сондай-ақ тұтыну нормасының болмауы, бұл көбінесе жеңілдіктерді мақсатсыз пайдалануға алып келді»,

— деп атап өтті Санжар Жаркешов.

Осы міндеттерді шешу үшін Шымкентте «Әлеуметтік әмиян»  арқылы газға жеңілдік берудің пилоттық жобасы іске қосылды. Қызметті 2,5 мыңнан астам отбасы пайдаланды, ұсынылған жеңілдіктердің жалпы сомасы 100 млн теңгеден асуы мүмкін. «Әлеуметтік әмиян» арқылы жеңілдікті пайдаланған АӘК және ТК алатын азаматтардың үлесі 36%-ға жетті.

Осылайша, пилотты жэоба сәтті аяқталған жағдайда оны бүкіл елімізге кеңейту жоспарлануда, бұл халықтың әлеуметтік тұрғыда қанағаттану деңгейін арттыруға және газды ұқымды тұтынуды ынталандыруға мүмкіндік береді.

187 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз