Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 23 Сәуір, 2025

Олжас Бектенов газбен қамту жұмыстарын уақтылы аяқтауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында өңірлердің әкімдіктері тарапынан елді мекендерді газбен қамту жөніндегі жұмыстарды аяқтауға алдын ала дайындық қажеттігін атап өтті.

«Үкімет магистралды газ құбырларын жеделдетіп салу бойынша  шаралар қабылдап жатыр.

Өнеркәсіптің дамуы және азаматтарымыздың тұрмыс сапасының артуы осыған тікелей байланысты.

Газ құбырлары жобаларын іске асыру жедел қарқынмен жүргізіліп жатқанын ескере отырып, өңір әкімдіктері ерте бастан дайындыққа кірісіп, елді мекендерді газбен қамту бойынша жоспарланған барлық жұмысты уақтылы аяқтауды қамтамасыз етуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Басқа елдерде газбен қамту жұмысын жеделдету үшін заманауи технологияларды пайдаланудың оң тәжірибесі атап өтілді.

«Мысалы, шетелде құбырларды механикалық тәсілмен қосу технологиясы қолданылады.

Ол құбыр төсеу жұмыстарын барынша жеделдетуге мүмкіндік береді.

Алайда, аталған технологияны дамыту үшін ұлттық стандарттарды қайта қарау керек болады. Өйткені қазіргі таңда құбырларды қосу  дәнекерлеу арқылы ғана жүреді», — деді Премьер-министр. Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Сауда және интеграция министрліктеріне тиісті рәсімдерді қамтамасыз ету тапсырылды.

185 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз