- Құмсағат
- 23 Сәуір, 2025
Астанада дзюдодан әлемдік турнир өтеді

Астанада 9-11 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингтік «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі өтеді. Байрақты дода елімізде биыл үшінші рет жалауын желбіретеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әлемнің кіл мықтыларын жинайтын бұл бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін 700, ал ІІІ орын үшін 500 ұпай есептелетін болады.
Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.
«Qazaqstan Barysy Grand Slam» әлемдік жарысы Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жарыс бағдарламасы:
9 мамыр:
Әйелдер: - 48 кг, - 52 кг, - 57 кг
Ерлер: - 60 кг, - 66 кг
10 мамыр:
Әйелдер: - 63 кг, - 70 кг
Ерлер: - 73 кг, - 81 кг
11 мамыр:
Әйелдер: - 78 кг, +78 кг
Ерлер: - 90 кг, - 100 кг, +100 кг
Фото: 2016 Getty Images

497 рет
көрсетілді0
пікір