- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 23 Сәуір, 2025
Қазақстан ЮНЕСКО-ның 16 түрлі конвенциясына қатысушы саналады

ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның бас хатшысы Жанар Шайменова Үкімет отырысында Қазақстан ЮНЕСКО-ның 16 түрлі конвенциясының қатысушысы болып саналатынын хабарлады.
Ол Сыртқы істер министрлігі ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органы екенін атап өтті. 33 жылдық ынтымақтастық барысында Қазақстанның 67 номинациясы ЮНЕСКО-ның беделді тізімдеріне енгізілді. Оның ішінде:
- 6 номинация – Дүниежүзілік мұра тізіміне (оның ішінде 10 мәдени және 7 табиғи нысан);
- 14 элемент – Материалдық емес мәдени мұраның репрезентативтік тізіміне;
- 15 аумақ – Биосфералық резерваттар желісіне;
- 27 мерейтой – ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне;
- 4 құжаттық мұра жинақтары – «Әлем жады» халықаралық тізіміне;
- 1 қала – ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар желісіне кіреді.
Спикер сөзінің соңында Сыртқы істер министрлігі ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету жөніндегі Кешенді жоспарды әзірлеу бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасын толығымен қолдайтынын атап өтті.

238 рет
көрсетілді0
пікір