- Айна
- 23 Сәуір, 2025
Алматыда №98 мектеп үшін жаңа ғимарат салынады

Алматыда №98 мектеп үшін жаңа ғимарат салынады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Медеу ауданындағы №98 мектеп 1964 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 60 жыл бойы пайдаланылған ғимарат ескіріп, қазіргі талаптарға сай келмейді.
640 орынға есептелген мектепте қазіргі таңда 1190 бала оқып жатыр. Мектеп шамадан тыс жүктелген, коммуникация тозған, мұғалімдердің жұмыс істеуіне және балалардың тамақтануына жағдай жасалмаған.
Мектепті уақытша жеңілдету үшін биыл қаңтарда бастауыш сынып оқушылары көрші орналасқан бұрынғы музыка мектебінің ғимаратына көшірілді. Алайда бұл шешім мәселені толықтай шеше алмады.
Қабылданған шешімдер:
- 1500 орындық жаңа корпус салынады
- Тәтібеков, Полетаев және Бейімбетов көшелеріне дейінгі учаскелерді сатып алу бекітілді
- Ғимарат барлық қауіпсіздік және жайлылық нормасын ескере отырып жобаланады
Балама нұсқа ретінде ұсынылған Текемет көшесіндегі бұрынғы балабақша қолайсыз деп танылды: ол зиратқа жақын санитарлық аймақта орналасқан және ыңғайлы кіреберісі жоқ.
Құрылысқа дайындық жұмыстары басталып кетті. Жаңа мектеп балаларға кең сыныптар, заманауи инфрақұрылым және қолайлы оқу жағдайын ұсынады.

152 рет
көрсетілді0
пікір