- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 23 Сәуір, 2025
Астанада Абайдың цифрлық портреті пайда болды

Астанадағы алып шолу дөңгелегінде Абай Құнанбайұлының портреті көрініс тапты
Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Астанадағы шолу дөңгелегінде оның портреті жарияланды.
LED жарықтандырудың көмегімен жасалған портреттің диагоналі 65 метрді құрайды және 53 мың пиксельден тұрады. Бұл ауқымды инсталляция қаланың әртүрлі орындарынан – Сарыарқа мен Тұран даңғылдарынан, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы жағынан жақсы көрінеді.
Алдағы уақытта дөңгелекке ақынның қанатты сөздерін жариялау арқылы инсталляцияны толықтыру жоспарланып отыр.

212 рет
көрсетілді0
пікір