Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Сәуір, 2025

Ыстамбұлда жер сілкінді

Түркияда қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды kazgazeta.kz жергілікті Yeni Şafak басылымына сілтеме жасап.

Ыстамбұлдағы Силиври жағалауында магнитудасы 3,9 болған жер сілкінісінен соң магнитудасы 6,2-ге жеткен екінші жер сілкінісі орын алған. 10 секунд бойы сезілген жер сілкінісі жұрттың үрейін ұшырды.

Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар бойынша басқарманың (AFAD) сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Ыстамбұлдың Силиври ауданындағы Мәрмәр теңізінің жағалауында 3,9 балды құраған жерасты дүмпуі тіркелген.

Сондай-ақ жер сілкінісі көрші провинцияларда да сезілген.

AFAD және барлық жауапты мекемелер жер сілкінісіне байланысты тексеру жұмыстарын бастады, - деп мәлімдеді елдің ішкі істер министрі Ерликая.

182 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз