Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Сәуір, 2025

Қытайдағы турнирде Батырхан Төлеуғали қола жүлдегер атанды

Қытайдың Хайань қаласында өтіп жатқан «President’s Cup - Asian Region» халықаралық турнирі таеквондошы Батырхан Төлеуғали қола жүлдегер атанды.


Жарыстың алғашқы күнінде Батырхан Төлеуғали (80 келі) екінші айналымда қосылып, жартылай финалға дейін екі кездесу өтізді. Алғашқы кездесуінде Ким Чжебомнан (Оңтүстік Корея), ширек финалда Ван Го Циннен (Қытай) басым түсті. 

Жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Пак Чунсанға есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты. 

Айта кетсек, Батырхан Төлеуғали қола жүлдемен бірге 2026 жылы өтетін Азия чемпионатына Қазақстанға қосымша жолдама сыйлады.

Халықаралық турнир 23-24 сәуір күндері өтеді. Әлемдік бәсекеге Азия елдерімен қатар Аустралия және Франция спортшылары келеді.

Есбол Сұлтанов шәкірттері бұл жарысқа Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дайындалды.

Фото: Kazinform

 

 

597 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз