- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 23 Сәуір, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыс: Кейін табылған деректер

21–22 сәуір күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Қазақстан: Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» атты көрме, «Ұлы Отан соғысының жаңа беттері (соңғы жылдары табылған құжаттар негізінде)» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Ғылыми жиынның мақсаты тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде ортақ дата – Жеңістің 80 жылдығын атап өту, сұрапыл соғыстағы қазақстандықтардың үлесі мен рөлін, ерлігін соңғы жылдардағы архив құжаттары негізінде айқындау.
ҚР ОМА директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сәбит Қамытбекұлы жүргізген жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Алидің құттықтау сөзін осы комитеттің мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Ибраим Әлімханұлы жеткізіп, елімізге танымал ғалымдар мен Қазақстанның әр аймағынан жиналған мамандар баяндама жасады.
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қайдар Алдажұманов: «Қазақстанның Ұлттық әскери құрамалары соғыс майдандарында (1941–1945жж.)», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев: «Ұмытылмас Жеңіс – ұмытылмас хат», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Гүлжауһар Кәкенқызы: «Эвакуация тарихының ашылмаған беті: испан эмигранттары Қазақстанда», С. Есенин атындағы мемлекеттік Рязан университетінің тарихи-гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер ғылыми-ағарту орталығының жетекшісі Генадий Владимирович: «Исследование военно-учебных заведений Народного комиссариата обороны (НКО) СССР период ВОВ», тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сәбит Шілдебай: «Қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына қатысты тың құжаттар», Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Маликова: «Қызылжар өңірі Ұлы Отан соғысы жылдарында», Атырау қалалық мемлекеттік архивінің архивисі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали Ахмет: «Қазақстан архивтері соғыс жылдарында», Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-ның Еуразия ғылыми-зерттеу институты және ҚР ОМА аға ғылыми қызметкері Алмас Әбдіғаниұлы: «История воинских соединений Казахстана по материалам Центрального архива Министерства обороны Российской Федерации», М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаева «Нұрғаным Байсейтова – Белоруссия партизан бригадасының байланысшысы», Шығыс Қазақстан облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ құрылымы, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің жетекшісі Татьяна Владимировна: «Великая Отечественная война в фондах государственного архива Восточно-Казахстанской области», Евразия мәдениетті қолдау» қорының президенті Ерұлан Қанапьянов: «Подвиг Алтыншаш Нургожиновой», Атырау облысы мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Тұрсын Қалимова: «Майдан мен тылдың бірлігі: Қазақстан әйелдерінің Жеңіске қосқан үлесі», ҚР ОМА директорының орынбасары Мәрзия Ғаниқызы: «Франция архивтеріндегі ҰОС туралы құжаттар», ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің Архив қорын толықтыру және ведомствалық архивтер бөлімінің жетекшісі Қанат Шоманов: «Қазақстандық Даңқ орденінің толық иегерлері», Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қабибек Мұхитов: «Атырау облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, қорды насихаттау бөлімінің жетекші кітапханашысы Сағыныш Әмірбекова: «Основные направления деятельности Центральной научной библиотеки под руководством К.И. Сатпаева в годы ВОВ», Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Бимұрат Бұрханов: «Исторический формуляр как источник по истории 310 стрелковой дивизии», ҚР Орталық мемлекеттік архиві «Әлеуетті зерттеулер орталығының» кіші ғылыми қызметкері Рамазан Әбілдосұлы: «Ғалым Х.М. Әділгереевтің екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы әскери қызметі» тақырыбында жасалған баяндамалардан соң, ғалымдар мен конференцияға қатысушылар өзара пікір алмасты.
Ғалымдардың Қазақстан және шетел архивтеріндегі құжаттар негізінде жазған бұл зерттеу еңбектерін жинақ етіп басып шығару жоспарланған.
Баяндамалардың бірқатары «Ақиқат» журналының мамыр айында жарық көреді.
Дайындаған Назым ДҮТБАЕВА

308 рет
көрсетілді0
пікір