Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Сәуір, 2025

Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтты

 Ақорда Мемлекет басшысының Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтқанын хабарлады. 

- Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - делінген ақпаратта.

Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. 

Айта кетейік, бұған дейін Үндістандағы атыста қаза тапқандар саны 26-ға жеткенін жаздық.

 

909 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз