Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Сәуір, 2025

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Ұрып-соғу фактісі бойынша Алматы қаласының полициясы прокуратурамен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді. 

Нәтижесінде қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Күдікті полицияға жеткізілді. Онда қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы полициясы заң бұзушылықтың әрбір фактісіне қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті.

"Заң және Тәртіп" қағидаты шеңберінде ішкі істер органдары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда.

170 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз