Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Сәуір, 2025

«Орман ғажайыптары» спектаклінің тұсаукесері өтті

Бүгін Алматы Мемлекеттік Қуыршақ театрында «Орман ғажайыптары» қойылымының тұсаукесері өтті. Қойылым әлемге әйгілі неміс жазушысы Отфрид Пройслердің «Кішкентай сиқыршы» повесінің желісі бойынша жазылған ертегі негізінде сахналанды. Премьераға мектеп оқушылары, студенттер және театрдың тұрақты көрермендері қатысты.

Спектакль режиссері — Антон Зайцев. Суретшісі Ақтөбе облыстық қуыршақ театрының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық, Республикалық қуыршақ театр фестивальдерінің «Үздік суретші» номинациясы бойынша бірнеше дүркін жеңімпазы – Әсия Құрманалина. Композиторы – Андрей Долгоруков, хореографы – Арстан Туйжанов.

Қуыршақ театры  23 сәуір  Ұлттық кітап күніне орай Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесіп қойылым алдында кітап көрмесін ұйымдастырды. Театрға келгенкөрермен қойылым ғана тамашалап қоймай,балаларға арналған кітаптармен де танысты. 

«Орман ғажайыптары» қойылымы - шытырман оқиғаларға толы. Онда орман тұрғындарының достығы, бір-біріне деген қамқорлығы мен табиғатқа деген сүйіспеншілігі баяндалады. Қойылымда түрлі қуыршақтар мен музыкалық сүйемелдеу арқылы ертегінің мазмұны әсерлі түрде көрсетіледі.

«Бұл қойылымның басты ерекшелігі сахнадағы оқиға тікелей кітаппен байланысты. Яғни, оқиға кітап ішіндегі ертегі желісі бойынша өрбиді. Бұл қойылымнан күтпеген режиссерлік шешімдерді көре аласыздар», - деді Мемлекеттік қуыршақ театрының баспасөз хатшысы Гүлім Көпбайқызы.
«Орман ғажайыптары» қойылымындамарионетка, планшет, көлеңкелі және бойлы 15-тен аса қуыршақ түрлері қолданылды. Қуыршақтар балалардың назарын аударып, ерекше әсер сыйлады.

Ән мен би, шайқастар мен сиқырлар арқылы ертегі әлемі жанданып, көрермендердің көңілін көтерді.

Режиссер қойылым арқылы көрерменге жақсы іс-әрекеттер қашанда зұлымдықты жоятынын, қандай таңдау болса да жақсы адам болу керектігін түсіндіргісі келгендей. Кітап оқығанда да таңдап, жақсылыққа үндейтін, пайдалы істерді насихаттайтын кітаптарды оқуға шақырды.  

323 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз